Нигерияның әсіредіншілдері еуропалық тұтқындарды өлтірді

Фотография - Нигерияның әсіредіншілдері еуропалық тұтқындарды өлтірді

Италия және Грек билігі отандастарының Нигериядағы әсіредіншілдердің қолынан қаза тапқандығын мәлімдеді.

257 0

Италия және Грек билігі отандастарының Нигериядағы әсіредіншілдердің қолынан қаза тапқандығын мәлімдеді.

Бұған дейін «Ансару» фундаменталдық тобының өкілдері тұтқынға түскендердің жетеуін өлтіргендерін жария еткен болатын. Олардың арасында еуропалықтар да бар көрінеді.

Италиялықтар мен гректерден бөлек діни радикалдардың тұтқынында Ұлыбритания, Ливан, Сирия және Филиппин азаматтары болған. Олардың барлығы Setraco компаниясының құрылыс нысанында ақпанның 16 күні қолға түскен болатын.

Әсіредіншілдер Ұлыбритания мен Нигерия билігі тұтқындарды күшпен босатып алмақ болған соң, осындай әрекетке барғандарын алға тартып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!