Үндістанда студент қызды зорлаған айыпталушы түрмеде асылып қалған

Фотография - Үндістанда студент қызды зорлаған айыпталушы түрмеде асылып қалған

Полиция өкілдерінің айтуынша, Рам Сингх (Ram Singh) өз камерасында асылып қалған.

242 0

Топтасып қыз зорлады деген күдікпен қамауда отырған үндістандық жігіт Нью-Дели түрмесінде өз-өзіне қол жұмсады.

Полиция өкілдерінің айтуынша, Рам Сингх (Ram Singh) өз камерасында асылып қалған.

2012 жылдың желтоқсан айында 23 жасар бойжеткенді шарапқа тойып алған алты жігіт ұрып-соғып, зорлаған. Соның бірі жоғарыда айтылған Рам Сингх болатын. Үндістанда жасалған үш опрециядан кейін қыз алған жарақаттарының салдарынан Сингапур ауруханаларының бірінде қайтыс болды. Бұл оқиға Үндістанда әйелдердің жаппай наразылық акциясына бастау болды. Жұрт зорлықшылдарды жазалауды талап етіп, бірнеше күн бойы ереуілге шықты.

Тергеу-тексеру нәтижесінде күдіктілер толық құрықталды. Олар ұрлау, тонау, ұйымдасқан түрде зорлау әрекеттері бойынша айыпталуда. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, өлім жазасына кесілуі мүмкін. Күдіктілердің қалған бесеуі 17 жаста болып шыққан. Ал енді олардың ісін жасөспірімдер ісі жөніндегі сот қарамақ. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!