Жалал-Абадта депутаттарды босатуды талап етті

Фотография - Жалал-Абадта депутаттарды босатуды талап етті

қамаудағы оппозициялық партия депутаттарын дереу босатуды талап етті.

104 0

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад қаласында бүгін 1 мыңға тарта адам наразылық акциясына шығып, қамаудағы оппозициялық партия депутаттарын дереу босатуды талап етті.

Демонстранттар қалалық әкімшіліктің алдына жиналды. Олар жиында "Ата Жұрт" партиясының жетекшілері, қамаудағы Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов босатылмайынша наразылықты тоқтатпауға бекінгендерін мәлімдеді. "Ата Жұрт" партиясының жақтастары өткен аптада да осындай талаппен назалық танытқан еді.

"Ата Жұрт" партиясынан парламентке сайланған депутаттар - Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов өткен жылы "қоғамдық тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталған еді. Құқық орындары олардың 2012 жылы қазанда Бішкекте 1 мыңға тарта адам қатысқан наразылық пен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!