Мұсылмандар одағы мемлекет қайраткерлерін мумиялауға қарсы

Фотография - Мұсылмандар одағы мемлекет қайраткерлерін мумиялауға қарсы

Қайраткерлерді бальзамдап, мовзолейге қоюға тыйым салу керек. Қазақстан мұсылмандары одағы осындай мәлімдеме таратып отыр.

221 0

Қайраткерлерді бальзамдап, мовзолейге қоюға тыйым салу керек. Қазақстан мұсылмандары одағы осындай мәлімдеме таратып отыр.

«Венесуэла билігінің ел көшбасшысы болған Уго Чавестің денесін жерлемеу, бальзамдап, кесенеге қою жөніндегі шешімі әлем жұртшылығының жағасын ұстатуда. Бұндай жора баяғыда жойылғандай еді. Қазіргі қоғам мемлекет қайраткерлерін мумиялауды жабайылық санайды.

Мұсылмандардың Орталық Азиядағы адам құқығы жөніндегі комитеті мен Қазақстан мұсылмандарының одағы мемлекеттік, саяси және діни көшбасшыларды бұндай әрекетке тосқауыл қоюға шақырады. Адамды тұлыпқа айналдырып, сосын оны жұрттың барлығының қызықтауы үшін қою - жыртқыштық.

Өкінішке қарай, бұрынғы кеңестік одақ құрамында болған елдерге Чавес үлгісі ықпалын тигізетін сияқты. Кейбір деректерге қарағанда, бірқатар жетекшілер өмірден озған соң денелерінің жоғары технологияны қолданып бальзамдалуына ықылас танытқан көрінеді. Оның жаңалығы сол - өлгендердің денесі тірі адам секілді өңделеді. Яғни, ол аяғымен тұрып, аузын ашып, көзін жұма алатын болады. Мерекелерде мемлекеттік гимнді айтып, билейді.

Бұндай масқараға жол бермеу керек», дейді Мұсылмандар одағы.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!