Пәкістанда христиандар наразылық танытты

Фотография - Пәкістанда христиандар наразылық танытты

Пәкістанда дүйсенбіде христиандық мектептердің көпшілігі өткен аптада мұсылмандар жасаған шабуылға наразылық ретінде жабылды.

173 0


Пәкістанда дүйсенбіде христиандық мектептердің көпшілігі өткен аптада мұсылмандар жасаған шабуылға наразылық ретінде жабылды.

Өткен аптада Лахордағы христиандар тұратын ауданға 3 мыңға тарта адам шабуыл жасап, 200-ге тарта үй мен дүкенді өртеп жіберген еді. Премьер-министрдің кеңесшісі Пол Бхаттидің айтуынша, мектептер бүгін де жабық болмақ.

Бүлік христиан дінін ұстанатын ер адам Мұхаммед пайғамбарге тіл тигізген сөздер айтқан соң басталған. Пәкістанда Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген адам өлім жазасына кесіледі.

Жексенбіде Пәкістанда христиандар жаппай наразылық акциясына шығып, биліктен өздерін қорғауды және шығындарын өтеп беруді талап еткен еді. Полицияның дерегінше, шабуылға қатысқан 150-ге тарта адам ұсталған.

 


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!