Сербияда жеті жыл бұрын ұрланған Рембрандтың туындысы табылды

Фотография - Сербияда жеті жыл бұрын ұрланған Рембрандтың туындысы табылды

Нови-Сад мұражайынан ұрланған «Әкенің портреті» суретін тапты.

143 0

Сербия полициясы 2006 жылдың қаңтар айында Рембрандтың сербиялық Нови-Сад мұражайынан ұрланған «Әкенің портреті» суретін тапты.

Туынды Белградтан батысқа қарай шамамен 70 шақырым жердегі Сремска-Митровица қаласы ауданында табылды, деп хабарлады полиция директоры Милорад Вельович. Полиция ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 4 адамды ұстады. Табылған заттың түпнұсқа екенін сарапшылар растады.

Сурет 1630 жылы салынған. Оның ұрлануынан кейін сарапшылар бұл шығарманы 2,5 млн. фунт стерлинг шамасында бағалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!