Ливияда қолдан жасалған ішімдіктен 51 адам уланып қайтыс болды

Фотография - Ливияда қолдан жасалған ішімдіктен 51 адам уланып қайтыс болды

Алғашқы улану жағдайы 9 наурызда тіркелген.

132 0

Ливияда елуден астам адам метил спирті қосылған қолдан жасалған ішімдіктен уланып қайтыс болды. Алғашқы улану жағдайы 9 наурызда тіркелген.

Кем дегенде 51 адам үй жайында дайындалған құрамында метанол бар ішімдіктің құрбанына айналған. Одан бөлек тағы 378 адам сапасыз спирттік сусынның зардабын шегіп жатыр.

Триполи медициналық орталығынан бұған дейін хабарлағандай, 19 бен 50 жас аралығындағы зардап шегушілер бүйрек ауруы, көздің көрмей қалуы мен аяқ-қолдың тартылып қалуы сынды дерттерге шалдыққан.

Министрлік жергілікті тұрғындарды ішімдік ішуден бас тартуға шақыруда. Ливияда бұған дейін де діни талаптарға қайшы келетін алкогольдік сусындарды ішуге және сатуға тыйым салынған еді, соған қарамастан көңіл көтеретін ішімдіктер көлеңкелі бизнесте өз айналымын тоқтатқан емес, деп жазады AFP.

Ливияда адам улайтын ішімдіктің таратылуына кінәлілерді табу үшін тергеу жұмыстары басталды, деп мәлім етті ішкі істер министрлігі. Агенттіктің қауіпсіздік қызметіндегі жасырын дерек көздерінен алған ақпараттарына сәйкес, билік өкілдері заңсыз спирттік ішімдіктерді тасымалдаушыларға қарсы қосымша шара қолдануға қамданып отыр. Ақпарат bnews.kz сайтынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!