Афинада алғашқы мешіт тұрғызылмақ

Фотография - Афинада алғашқы мешіт тұрғызылмақ

Афиналық мешіт осы заманғы сәулет өнері бойынша салынады

134 0

Афина – Еуропа елдеріндегі мұсылмандарға арналған құлшылық үйі жоқ жалғыз қала. Қала билігі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мешіт құрылысына байқау жариялап отыр. Афиналық мешіт осы заманғы сәулет өнері бойынша салынады. Осман дәуіріне тән, мұнарасы көк тіреген ғибадат үйінен өзгеше болады.

Мешіт Вотанико ауданында бой көтереді. Мешіт құрылысына қатысты байқауды көлік министрлігі жариялап отыр. Бұл жайында «Новости» ақпарат агенттігі «Неа» газетіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.

Афиналық мұсылмандар осы уақытқа дейін құлшылығын гараждарда, ұраларда және т.б. орындарда өтеп келген болатын. Грекия осы қадамы арқылы, біріншіден, мұсылман елдерінің ықыласына бөленеді, екіншіден, елдегі мұсылмандардың көңілін табады.

Ал мешіттің имамы екі жыл қатарынан ағарту және дін істері жөніндегі министрлік тарапынан тағайындалып, бекітіледі.

Мешітте бір мезгілде 350 адам құлшылық ете алатын болады. Оның құрылысына 846 мың еуро жұмсалады. Мешіттің жобасын осы салада тәжірибесі бар «Александрос Томбазис сәулет бюросы» сызды.

Эллада елінде Таяу Шығыс пен Африкадан және Үндістаннан келген он мыңдаған мұсылман өмір сүріп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!