Тәртіп сақшылары діндарлардың сақалын қарумен қорқытып алдырған

Фотография - Тәртіп сақшылары діндарлардың сақалын қарумен қорқытып алдырған

Ресейдің Сургут қаласында дәмханаға келген діндарларды тәртіп сақшылары қарумен қорқытып, сақалдарын қыруға мәжбүрлеген.

373 0

Ресейдің Сургут қаласында дәмханаға келген діндарларды тәртіп сақшылары қарумен қорқытып, сақалдарын қыруға мәжбүрлеген. «Сургутинфотв» телеарнасы хабарлағандай, оқиға 3 наурыз күні орын алған, алайда бұл жайында тек бүгін хабарланып отыр.

Тосын жайт болған «Халал» дәмханасы қаладағы мешіттердің бірінің жанында орналасқан. «Жәбірленгендер» Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Әзірбайжан елдерінің тумалары. Олар кешкі намаздан шығып, тамақтанбақ болған екен. Алайда, тыныштықты төрт автокөлікпен келген құқық қорғаушылар бұзыпты.

Жәбірленген діндардың айтуынша, бетперде киген тәртіп сақшылары бұларды жерге жатқызып, тексеріп шыққан. Күдік тудыратын ешқандай зат таппағаннан кейін қарумен қорқытып, сақалдарын өздеріне қырғызыпты. «Мені сақалыңды қазір қайшы алып өзің қырқып таста, болмаса біз өртейміз деп қорқытты» дейді шағымданушылардың бірі. Ал, болған жайттың барлығын полицейлер өздері ұялы телефонның камерасына түсірген көрінеді.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер діндарлардың айтқандары дәлелденсе Сургут қаласының бас полицейі Александр Ерохов жария түрде кешірім сұрайтындығын мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!