Хакерлер Мишель Обаманың жеке мәліметтерін жариялады

Фотография - Хакерлер Мишель Обаманың жеке мәліметтерін жариялады

Онда тіпті, Барак пен Мишельдің Ақ үйге келгенге дейін тұрған Чикагодағы мекен жайлары көрсетіліпті.

156 0

АҚШ-тың Құпия қызметі аймақтың «бірінші ханымы» Мишель Обаманың жеке басына қатысты мәліметтердің (несиелік карта нөмірі, әлеуметтік сақтандыру мен телефон нөмірі) ұрлануына байланысты тергеу, тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Сонымен бірге киберқарақшылық құрбанына айналғандардың қатарында АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден, Әділет министрі Эрик Холдер, ФБР директоры Роберт Мюлер, Лос-Анжелес полициясы басқармасының бастығы Чарли Бек, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Калифорния штатының бұрынғы гуернаторы, әртіс Арнольд Шварценегер және өзге де аса танымал емес америкалық тұлғалар бар.

АҚШ президенті жұбайының әлеуметтік сақтандыру нөмірі мен туған жылы және бірнеше телефон нөмірлері Еxposed.su сайтында жарияланып, аз уақытта кең таралып үлгерген. Онда тіпті, Барак пен Мишельдің Ақ үйге келгенге дейін тұрған Чикагодағы мекен жайлары көрсетіліпті. Сонымен қатар, жария болған ақпараттар арасында «бірінші ханымның» несие тарихына қатысты мәліметтер де берілген. Ең қызығы сол, қарақшылар жарияланған ақпараттар соңына «Кінәні күйеуіңнен ізде, біз сені бұрынғыша жақсы көреміз, Мишель!» деп жазғаны болды. Дегенмен мұндай ақпараттардың қаншалықты шындыққа жанасатындығы әлі белгісіз. Өйткені, ұрылардың жайып салған кейбір мәліметтері олар көрсеткен кісілердің иелігіндегі телефон нөмірлері емес көрінеді.

Ал АҚШ Әділет министрлігі баспасөз-қызметінің журналистерге берген ақпараты аталған оқиғаға қатысты ФБР тарапынан тексеру жұмыстарының басталғандығы ғана болды. Сондай-ақ, президент күзетімен айналысатын топ пен АҚШ-тың Құпия қызметі де бұл мәселемен жан-жақты тексеріп жатқандығы да айтылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!