Қырғыз депутаттары демалыс күнін жұмаға ауыстыруды ұсынды

Фотография - Қырғыз депутаттары демалыс күнін жұмаға ауыстыруды ұсынды

Парламенттегі «Ар-Намыс» фракциясының депутаттары Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде заң жобасын әзірледі.

214 0

Парламенттегі «Ар-Намыс» фракциясының депутаттары Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде заң жобасын әзірледі.

Онда демалыс күнін жұмаға ауыстыру туралы ұсыныс та бар.

muslim.kz сайтының жазуынша, осы фракцияның атынан сайланған халық қалаулысы Тұрсынбай Бәкірұлы бұл бастама азаматтарға діни құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп отыр. Сондай-ақ ол жұма күні құлшылығын өтеу үшін мұсылмандардың дені жұмыс орнын тастап кетуге мәжбүр болатынын алға тартып, осы құжаттың маңызын тілге тиек етті.  

Сонымен қатар, Қырғызстан халқының 85 пайызы мұсылмандар екенін де еске салып өтті.

Егер аталмыш заң жобасы алты күндік жұмыс аптасы негізінде қабылданатын болса, Қырғызстан халқы жұма күні, ал бес күндік жұмыс аптасында жұма және сенбі күндері демалады. Тұрсынбай Бәкірұлының айтуынша, мұндай өзгерістің экономикалық немесе әлеуметтік зардабы жоқ. Қосымша қаржыны да қажет етпейді.


Тегтер:

қырғызстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!