Қытай шахтасында газдың ауаға таралуынан 21 кенші қаза болды

Фотография - Қытай шахтасында газдың ауаға таралуынан 21 кенші қаза болды

Апат сейсенбі күні кешқұрым орын алды. Ол кезде шахтада 83 кенші болды, олардың 58-і құтқарылып шықты.

289 0

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында көмір өндіретін шахтада газдың ауаға таралуы салдарынан 21 адам мерт болды, төрт адамның тағдыры белгісіз.

Апат сейсенбі күні кешқұрым орын алды. Ол кезде шахтада 83 кенші болды, олардың 58-і құтқарылып шықты. Іздестіру-құтқару операциялары жалғасуда. Жергілікті билік оқиға себептерін тексеруді бастады.

Қытай баспасөзінің хабарлауынша, Қытайдың тау-кен өнеркәсібі әлемдегі ең қауіптілердің бірі болып табылады. Ресми статистикаға сәйкес, 2011 жылы Қытайда көмір шахталарындағы апаттар салдарынан 1973 адам қаза болды. Жазатайым оқиғалардың дені шахта иелерінің саладағы еңбек қауіпсіздігі ережелерін елемеуінен және қауіпсіздік шараларына үнемдеуден орын алуда. Соңғы уақытта қытай билігі көмір өндіру саласында қауіпсіздікті күшейту бойынша іс-шаралар өткізуде. 

Қытай әлемдегі көмір өндіруші және оны тұтынушы алпауыт ел болып табылады.


Тегтер:

қаза болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!