Юлия Тимошенко Украина президенттігіне сайлауға түспекші

Фотография - Юлия Тимошенко Украина президенттігіне сайлауға түспекші

Юлия Тимошенко 2015 жылы белгіленген келесі мемлекет басшысы сайлауына қатысу ниеті туралы мәлімдеді.

211 0

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеті жылдық қылмыстық мерзім жазасын өтеп жүрген Украинаның экс премьер-министрі Юлия Тимошенко 2015 жылы белгіленген келесі мемлекет басшысы сайлауына қатысу ниеті туралы мәлімдеді.

«2012 жылдың жетінші желтоқсанында біріккен оппозиция келесі президенттік сайлауда оппозиция атынан жалғыз кандидат ретінде маған қолдау білдіретіні туралы жариялады. Бұл мен үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Әрине, үлкен кедергілер бар. Бірақ мені мақсаттарым мен Украинаның болашағы туралы арман жолыма тосқауыл қоятындарға мен әрдайым қарсылық көрсетемін», - деп атап өтті Тимошенко Le Temps швейцариялық баспасөзге берген сұхбатында.

Тимошенконың айтуы бойынша, Украина президенті Виктор Янукович және оның командасы экс премьер-министрдің мемлекеттегі жағдайды өзгертуге және Украинада диктатураны орнатуға қарсылық көрсететін күш жинауға қабілетті екенін «жақсы біледі».



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!