Еуропалықтар қалың қармен арпалысуда

Фотография - Еуропалықтар қалың қармен арпалысуда

Еуропалықтар наурыз айында түскен қалың қармен арпалысып әлек. Табиғаттың тосын мінезінен ел тұрғындары мен жолаушылар зардап шекті.

166 0

Еуропалықтар наурыз айында түскен қалың қармен арпалысып әлек. Табиғаттың тосын мінезінен ел тұрғындары мен жолаушылар зардап шекті. Өңірлерде көптеген әуе және жол қатынасы тоқтап, тұрғындар жарықсыз қалды.

Еуропаның батыс өңірлерін қалың қар басты. Франция, Германия, Ұлыбритания және бельгиялықтар ауқымды түскен қардың зардабын шегуде. Германияның бірнеше қаласын бірер сағат ішінде жарты метрге дейін қар басқан. Қоғамдық көліктер жұмыстарын толықтай тоқтатты. Франкфурттің өзінде ғана 800-ден астам рейс кейінге шегеріліп, мыңдаған жолаушы жолдан қалды. Сондай-ақ, шаһардың солтүстігінде бірден 100-ге жуық көлік соқтығысып, ондаған адам жарақат алды. Жүргізушілер наурыз айындағы мұндай күн райының қолайсыздығы соңғы жылдары мүлде болмағанын айтады.

Майк ШВЕЙЦЕР, әуежай қызметкері:

- Бұл жағдай түнге дейін жалғасатын сияқты. Табиғаттың тосын мінезі ғой.

Бельгиядағы жағдай да мәз емес. Бұндағы түскен қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жеткен. Жергілікті полицейлер елде мыңдаған шақырымға созылған көлік кептелісінің салдарынан бірнеше апаттың тіркелгенін хабарлады. Елдің көлік министрлігі елден Париж бен Лондонға қатынайтын еуростар жедел  пойыздардының жұмысын уақытша тоқтатты.

Моника БАРБОЗА, жолаушы:

- Еуростар жедел пойызымен Лондонға жол жүрмекші едім. Алайда, көлік қатынасының тоқтатылуына байланысты жақын маңнан қонақүй іздеуге тура келді. Басшылары пойыздардың ертеңнен бастап іске қосылатынын айтып отыр.

Ал франциялықтар жолды қардан тазалап үлгермей жатыр. Париждегі Шарля де Голль әуежайында да жүздеген рейс кейінге шегерілді. Сонымен қоса әуежай бортында 140 жолаушысы бар ұшақ қону жолағынан ауытқып кеткен. Ақпарат көздері жолаушыларға зиян келмегенін хабарлайды. Елде он мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды. Ұлыбританияның билік өкілдері жүргізушілерден жолға шықпауды сұрап, көптеген көлік қатынасын тоқтатты. Ауа райын болжайтын мамандардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі аптаның соңына дейін жалғасатын көрінеді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!