Солтүстік Корея Оңтүстікпен татуласу шартын бұзды

Фотография - Солтүстік Корея Оңтүстікпен татуласу шартын бұзды

КХДР Корея  Республикасымен татуласу туралы келісімді жарамсыз деп жариялады.

288 0

КХДР Корея  Республикасымен татуласу туралы келісімді жарамсыз деп жариялады. Солтүстік Кореяның халықтық қарулы күштері министрлігі де бұдан бұрын хабарландырылған Пхеньян Сеулге шабуыл жасамау туралы келісімнен шығатыны туралы ақпаратты қуаттады.

Росбалттың оңтүстіккореялық "Ренхал" агенттігіне слітеме жасап хабарлауынша, министрлік Сеул мен АҚШ-тың "соғыс өртін тұтандырушыларына" 1950-1953 жылдардағы Корея соғысынан кейін жасалған татуласудан шығатындығын, КХДР-ді "енді ештеңе де байланыстырмайтынын" ескеру қажеттігі ұқтырылды. Пхеньян өзінің ядролық қарулануын дамытуға ниетті екенін атап көрсетеді, бұл оған АҚШ және басқа да әлемдік державалардың қысымына төтеп беруге мүмкіндік бермек.

Бұдан бұрын, 11 наурызда солтүстіккорейлік көшбасшы Ким Чен Ын КХДР-дың шекаралық артиллерия шебінде болды және Солтүстік Корея оңтүстіккореялық Пэннендо шағын аралына соққы беріп, оны "от-жалынға" айналдыруға әзір екенін мәлімдеді. Шабуыл жасамау туралы, сондай-ақ Корея түбегін бірлескен ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру жоспарларынан Пхеньян 8 наурызда бас тартты. 6 наурызда Сеул егер Солтүстік Корея татуласу туралы келісімді бұзатын болса, КХДР-ға қарсы әскери күш қолданатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы шиеленістің ушығуы Пхеньян 2013 жылғы ақпанда жариялаған ядролық қаруды сынауы болды. Солтүстік Корея сондай-ақ ғарышқа спутникті зымырантасығышты ойдағыдай ұшырды. Оңтүстік Корея осыдан кейін АҚШ-тың қатысуымен  әскери жаттығуларды белсенді жүргізе бастады. Өз кезегінде АҚШ пен БҰҰ КХДР-ға қарсы жаңа экономикалық санкциялар енгізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!