Си Цзиньпин Қытай президенті болып сайланды

Фотография - Си Цзиньпин Қытай президенті болып сайланды

Си Цзиньпин елді 10 жыл басқарған Ху Цзинтаоның орнына келді. Сондай-ақ, жаңа басшы ҚХР орталық әскери кеңесінің басшысы болып тағайындалды

294 0

Наурыздың 14-інде өткен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысында Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Си Цзиньпин ҚХР президенті болып сайланды. Бұл туралы РБК мәлімдеді. 

Парламенттің жыл сайын өтетін сессиясына 3 мыңға жуық депутат қатысты.

Си Цзиньпин елді 10 жыл басқарған Ху Цзинтаоның орнына келді. Сондай-ақ, жаңа басшы ҚХР орталық әскери кеңесінің басшысы болып тағайындалды.

Төрт басқарушылық қызметіне ие болған Си Цзиньпин партиялық, мемлекеттік, әскери басқарудың тізгінін қолына алды.

Мәжіліс 17 наурызға дейін жалғасып, Мемлекеттік кеңесінің премьері мен оның орынбасарлары, министрліктер мен ведомстволардың басшылары тағайындалатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!