Сириядағы саяси ахуалды талқылады

Фотография - Сириядағы саяси ахуалды талқылады

Еуропалық одақ министрлері Сириядағы саяси ахуалды талқылау үшін Бельгияда бас қосты.

234 0

Еуропалық одақ министрлері Сириядағы саяси ахуалды талқылау үшін Бельгияда бас қосты.

Жиынға БҰҰ мен Араб лигасының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими қатысты. Саясаткерлер Сириядағы дағдарыстан шығу жолдарын іздестіруде.  Еуропалық одақ басшыларының бірі Кэтрин Эштон отырыс соңында «Сирия мәселесі тек саяси жолмен шешілу керек және қантөгіс тоқтатылуы тиіс» деп мәлімдеме жасады. Дегенмен Еуропа елдері Сирия Президенті Башар Асад әскерімен күресу үшін оппозицияға қару-жарақ жіберу туралы нақты шешімге келе алмады. Қару тасымалына шектеу қойған эмбаргоның күшін жою мәселесі шешілмеді. Кей деректерге сүйенсек, Башар Асад әскеріне Иран мен Ресейден қару-жарақ әкелінеді. Ал оппозицияға әлем қауымдастығы іс жүзінде еш қолдау көрсетіп отырған жоқ. Еуропалық одаққа мүше елдер қанды қырғынды тоқтатудың басқа амалы бар деген сенім білдіріп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!