Сирияның тұтас бір буыны жоғалуы мүмкін

Фотография - Сирияның тұтас бір буыны жоғалуы мүмкін

Бұл жайында БҰҰ-ның Балалар қоры мәлімдеді.

205 0

Елдегі азаматтық соғыстың кесірінен ұрпақ сабақтастығы үзіліп, тұтас бір буын жанжалдың құрбанына айналатын болды. Бұл жайында БҰҰ-ның Балалар қоры мәлімдеді.

«Біз тағы бір жыл бойы соғысқа жол беріп қойып, қарап отырмауымыз керек. Олай ететін болсақ, соғыстан көз ашпаған, зорлық-зомбылықты ғана білетін ұрпақ өсіп-жетілетін болады», – деп мәлімдеді аталмыш қордың өкілі Патрик Мак Кормик (Patrick McCormick).

Көмекке аса мұқтаж төрт миллион сириялықтың жартысына жуығы кәмелет жасына толмаған. Олардың 536 мыңы – әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған бес жасқа дейінгі балалар.

Сириялық босқындардың тең жарымын балалар құрап отыр. Бұл жайында IINA ақпарат таратты.

Осындай мәліметтерді алға тартқан БҰҰ-ның Балалр қоры сириялық балалардың тағдырына алаңдайтынын білдірді.

Халықаралық Save the Children қайырымдылық ұйымы баррикаданың екі жағында да балалардың барын жеткізді.

Олар ақпарат жеткізіп, жүк тиейді, күзетеді. Кейде ұрысқа аралысып, ересектер оларды қалқан етеді. Бұған қоса, балаларды зорлау, азаптау, тұтқындау оқиғалары да орын алған.

Жараланып, кемтар болып қалған балалар да көптеп кездеседі


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!