Бүгін - Дүниежүзілік ұйқы күні

Фотография - Бүгін - Дүниежүзілік ұйқы күні

Дүниежүзілік ұйқы күні алғаш рет 2008 жылы 14 наурызда атап өтілді және сол уақыттан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйқы және денсаулық проблемасына арналған жобасы аясында жыл сайын өткізіледі

208 0

Дүниежүзілік ұйқы күні алғаш рет 2008 жылы 14 наурызда атап өтілді және сол уақыттан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйқы және денсаулық проблемасына арналған жобасы аясында жыл сайын өткізіледі.

2013 жылы Дүниежүзілік ұйқы күні 15 наурызда атап өтіледі.

Дұрыс өтіп жатқан ұйқы барысында адам ағзасы күндіз жұмсалған күштерді қалпына келтіреді. Сондықтан дені сау адам ұйқыдан кейін өзін сергек сезініп оянады.

Орташа алғанда, әрбір адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйықтау барысында мидың белсендігі барынша азайып, сезіну реакциясы төмендейді.

Ұйқының қанбауы өмір сапасына кері әсер ететіндігі де дәлелденді: әзілдей білу қабілеті жоғалады, ашуланшақтық, бір проблема аясында ғана ойлау пайда болады. Ұйқының 4 сағатын жоғалтудың өзі сезіну қабілетін 45 пайызға төмендетеді. Есте сақтау қабілеті нашарлап, түрлі сырқаттардың асқыну қаупі туындайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!