Көне қорым табылды

Фотография - Көне қорым табылды

Лондонда теміржол рельстерін төсеу кезінде ХIV ғасырға тиесілі көне қорым табылды

168 0

Лондонда теміржол рельстерін төсеу кезінде ХIV ғасырға тиесілі көне қорым табылды, - деп хабарлады 24kz.

Мамандар қазба жұмыстары барысында 13 адамның сүйегін тапқан. Зерттеу ары қарай жалғасып жатыр. Қорымнан топырақтан жасалған бұйымдар да табылды. Соған қарап сарапшылар, оларды ХIV ғасырдың ортасында жерленген деген болжам айтады. Олардың барлығы оба дерті басталған кезінде қаза болуы мүмкін деген болжам да бар. «Ауру ушыққан кезде бірнеше адам бір жерге көмілген» дейді ғалымдар. Археологтар бұған дейін Лондон маңында осындай қорымның болуы мүмкін деп айтқан болатын. Алайда, олардың нақты орны белгісіз болып келген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!