Уго Чавеспен қоштасуға 2 миллионға жуық адам жиналды

Фотография - Уго Чавеспен қоштасуға 2 миллионға жуық адам жиналды

Венесуэланың бұрынғы президенті Уго Чавеспен қоштасуға 2 миллионға жуық адам жиналды

144 0

Венесуэланың бұрынғы президенті Уго Чавеспен қоштасуға 2 миллионға жуық адам жиналды.

Халық әлі күнге дейін ел тарихында өшпес із қалдырған саясаткерді жоқтап жатыр. Коменданттың қабірі қайда орналасатыны әзірге белгісіз. Соңғы деректерге сәйкес, осыдан бірнеше сағат бұрын халық Каракас көшелерімен лидердің мәйітін көтеріп өтті. Қоштасу рәсімінде мыңдаған адам 12 шақырымдық шеру құрып, бақилық болған көшбасшыға құрмет көрсеткен. Бұл шараны барлық жергілікті телеарналар тікелей эфирден көрсетті. Жергілікті тұрғындар болса, «венесуэлалықтар қатты қайғырып, халық лидердің бейнесін жүректе мәңгі сақтайды» дейді. Мемлекеттік әнұранның сүйемелдеуімен Чавестің мәйіті венесуэлалық әскери академиядан шығарылып, революциялық мұражайға жеткізілді. Салтанатты қоштасу рәсіміне марқұмның туыстары, ізбасары Николас Мадуро қатысты.

Венесуэла президенті міндетін атқарушы:

- Комендант, жатқан жерін жайлы болсын. Біз жеңеміз, сіздің саясатыңызды жалғастырамыз. Мемлекетіміздің өсіп, өркендеуіне атсалысамыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!