Шешенстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, 3 адам көз жұмды

Фотография - Шешенстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, 3 адам көз жұмды

Шешенстанда Ми-8 тікұшағы  Ханкала қаласының әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады

206 0

Шешенстанда Ми-8 тікұшағы  Ханкала қаласының әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады.

Бұл туралы РБК хабарлады.

Тікұшақ жермен соқтығысу салдарынан отқа оранды. Бортта болған төрт адамның үшеуі қаза болды, аман қалғаны ауруханаға жеткізілді. Тікұшақ күш құрымдарының біріне тиесілі болған.

Сондай-ақ қону аумағында нашар метеожағдайлар туралы хабарлануда.

Қазіргі уақытта апат орнында сарапшылар мен тергеушілер жұмыс істеуде. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Омбы облысында жерге қону кезінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған болатын. Оқиғаның салдарынан тоғыз жолаушы және экипаждың бір мүшесі түрлі дәрежеде жарақаттар алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!