Тасқыннан 6 мыңға жуық адам зардап шеккен

Фотография - Тасқыннан 6 мыңға жуық адам зардап шеккен

Боливия мен Перуде шелектеп жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, өзен-көлдер тасып жатыр

221 0

Боливия мен Перуде шелектеп жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, өзен-көлдер тасып жатыр.

Боливияның Кочабамба департаментінде тасқын салдарынан жүздеген үй су астында қалып, төтенше жағдай жарияланды.  Аймақтағы Чапаре өзені де арнасынан асып, маңындағы елдімекендерді шайып кеткен. Жергілікті тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.  Қазір су басқан аудандарға қосымша құтқарушылар тартылуда. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, апаттан 6 мыңға жуық адам зардап шегіп, шамамен 5 мың гектар аумақты су басқан.

Ал Перуде де күн райы бұзылды. Кахамарка аймағында төпелеп жауған жаңбыр кесірінен  лай көшкін жүрген. Мектептер мен үйлер қирап жатыр. Жергілікті білім ордаларында сабақ тоқтатылды. Ауа райын болжаушы мамандардың сөзіне қарағанда, елде ақпан мен наурыз айында жауған жауынның мөлшері өте жоғары.  Жаңбыр жақын күндері әлсірей қоймайды. Ел астанасы Лимада да жағдай қиын. Күре жолдар жабылып, көлік қатынасы тежелді. Тұрғындарға аса сақ болу ескертілген. Таулы аймақтарға сапарға шығуға тыйым салынған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!