Германия салафилердің жолын кесті

Фотография - Германия салафилердің жолын кесті

Сәрсенбіде елдің ішкі істер министрлігі «DawaFFM», «Islamische Audios» және «An-Nussrah» деп аталатын салафи ұйымдарының қызметіне тыйым салды.

148 0

 Германияда салафи ағымына жататын үш топтың қызметі тоқтатылды. Неміс билігі мұндай идеология елдің демократиялық құндылықтарымен сәйкес емес екенін дәйектеді.

Сәрсенбіде елдің ішкі істер министрлігі «DawaFFM», «Islamische Audios» және «An-Nussrah» деп аталатын салафи ұйымдарының қызметіне тыйым салды.

«Аталмыш топтар біздің қоғамды агрессиялық жолмен өзгертуге тырысып, демократиялық құндылықтарды салафилердің идеологиясымен алмастырғысы келді»,- деп мәлімдеді ІІМ басшысы Г.Фридрих.

Оның айтуынша, бұл шара Ангела Меркель басшылық ететін оңшыл центристік партияның толеранттылық пен өзара сыйластық негізінде Германиядағы бейбіт сүйгіш мұсылмандармен қатынасты жақсарту мақсатында қолға алған жобаның бір бөлігі болып табылады.

Onislam.net-тің хабарлағандай, салафилер Германия Федеративті Республикасының тұрғындарына қасиетті Құранды таратамыз деген желеумен өткен жылы ел аумағына енген екен.

muslim.kz сайтының жазуынша, ресми мәлімет бойынша Германияда 4 мыңға жуық салафи бар. Соңғы жылдары мұсылман елдерінен келген иммигранттардың қатары едәуір артқандықтан немістер сақтықты күшейтті.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!