Қажылар мінген көлік апатқа ұшырап, 17 адам мерт болды

Фотография - Қажылар мінген көлік апатқа ұшырап, 17 адам мерт болды

 Иорданияда қажылар мінген жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 17 адам қаза болды.

394 0

 Иорданияда қажылар мінген жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 17 адам қаза болды.

Тағы 30-дан астам адам түрлі жарақат алған. Оқыс оқиға елдің оңтүстік-шығысында болды. Ақпарат көздері көлікте 50-ден астам адамның болғандығын хабарлайды. Жолаушылар автобусы Меккеден Дженинге қайтып бара жатқан. Жүргізуші көліктің тізгініне ие бола алмай, бұрылыста жүк көлігіне соқтығысқан. Екі көліктің де жүргізушілері қаза болды. Аман қалған жолаушылардың айтуынша, қайғылы оқиғаға көлік жылдамдығының шамадан тыс асырылуы себеп болған.

 


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!