Иран Каспий теңізіне эсминец шығарды

Фотография - Иран Каспий теңізіне эсминец шығарды

Иран Каспий теңізіне өзінде жасалған "Джамаран-2" деп аталатын зымыранмен қаруландырылған эсминец жіберді.

152 0

Иран Каспий теңізіне өзінде жасалған "Джамаран-2" деп аталатын зымыранмен қаруландырылған эсминец жіберді. Эсминецті теңізге жіберу салтанаты Тегераннан 250 шақырым жердегі Анзали портында өтті. Салтанатты шараға Иран президенті Махмұд Ахмединежадтың өзі қатысты. Ахмединежадтың айтуынша, эсминец "аймақта бейбітшілік пен достықты қолдау және көрші елдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіргісі келетіндерге қарсы" жіберіліп отыр.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, "Джамаран-2" - Каспеий теңізіне жіберілген ирандық алғашқы ауыр әскери техника.

Эсминецтің салмағы - 1 мың 400 тонна, салмағы - 94 метр. Бортында тікұшақ алаңы бар. Кеме "жер-жер", "жер-әуе" зымырандарымен, әуе шабуылынан қорғаныс құрылғыларымен, соңғы үлгідегі радар жүйесімен және байланыс терминалымен жабдықталған.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!