Этна жанартауы атқылады

Фотография - Этна жанартауы атқылады

Италияда  әлемдегі ең ірі жанартаулардың бірі – Этна жанартауы атқылап жатыр.

293 0

Италияда  әлемдегі ең ірі жанартаулардың бірі – Этна жанартауы атқылап жатыр.

Биылғы жылы сегізінші рет атылған жанартау жойқын болды. Осы жолы көкке 3 шақырымға дейін шаң мен тозаң шашты. Екпінді жел ұшырған күл жақын маңдағы елдімекендерге жетті. Төтенше жағдайға байланысты Катаниядағы «Фонтана Росса» әуежайы 1 сағатқа жұмысын тоқтатты. Аймақтағы көлік қатынасына да біршама шектеулер қойылды. Алайда сарапшылар аталған жанартаудың жергілікті тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін айтуда.


Тегтер:

жанартау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!