Венгрияда конституцияны түзетуге наразылық танытты

Фотография - Венгрияда конституцияны түзетуге наразылық танытты

Венгрия астанасы Будапеште үш мыңға тарта адам конституцияға түзету енгізілуіне наразылық танытты. Демонстранттар Еуропа Одағы мен оппозицияның туын ұстап шығып, премьер-министр Виктор Орбанды "Виктатор" деп жазған плакаттар ұстап шықты

157 0

Венгрия астанасы Будапеште үш мыңға тарта адам конституцияға түзету енгізілуіне наразылық танытты. Демонстранттар Еуропа Одағы мен оппозицияның туын ұстап шығып, премьер-министр Виктор Орбанды "Виктатор" деп жазған плакаттар ұстап шықты.

Оппозицияның қарсылығы мен халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығына қарамастан бір апта бұрын конституцияға түзету енгізілген еді. Түзетулер конституциялық соттың құзыретін шектеп, сот соңғы бірнеше айда жарамсыз деп тапқан баптарды қайта енгізу үшін жасалған.

Наразылық танытушылар премьердің "Фидес" партиясы қолдаған түзетулер елдің жоғары білім, отбасы, баспанасыздық және сайлау заңнамаларын қатаңдатуға бағытталған деп санайды.

Ал премьер-министрдің өзі таяуда енгізілген түзетулер еуропалық заңнамаларға қайшы келмейтінін айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!