Танымал француз адвокаты қаза тапты

Фотография - Танымал француз адвокаты қаза тапты

Британия аралдарының бірінде франциялық танымал адвокат Оливьер Мицнердің жансыз денесі табылды.

154 0

Британия аралдарының бірінде франциялық танымал адвокат Оливьер Мицнердің жансыз денесі табылды.

BBC агенттігінің хабарлауынша, оның Британиядағы өз иелігіндегі аралдардың біріндегі үйінен өлер алдында жазылған хаты табылған.

63 жастағы Оливье Мицнер ең даулы қылмыстық істермен айналысатын адвокаттардың қатарында болған. Ол Францияның бұрынғы премьері Доминик де Вильпен, трейдер Жером Кервьел, ресейлік бизнесмен Роман Абрамовичтің істерінде адвокат болған.  

Ол Доминик де Вильпенді экс-президент Николя Саркозидің беделіне нұқсан келтірді деп айыпталған кезде қорғап қалған. Бірақ Societe Generale банкінде миллиардтаған еуро қаржы жоғалғанына айыпталған Жером Кервьелді қорғап қала алмаған.

BBC агенттігі Мицнердің күрделі, қитұрқы қылмыстық істердің басын ашып, талдау қабілеті ерекше болғанын және оның қызметіне ірі халықаралық корпорациялар да жүгінгенін жазады.

Адвокаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!