Каирдегі ереуілде ондаған шеруші тұтқындалды

Фотография - Каирдегі ереуілде ондаған шеруші тұтқындалды

Каир жұршылығының Үкіметке қарсы шеруі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты

191 0

Каир жұршылығының Үкіметке қарсы шеруі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Соңғы түскен мәлімет бойынша, ереуілде ондаған шеруші тұтқындалды. Айта кетейік, шеру «Мұсылман бауырлар» штаб пәтерінің алдында болды. Жиналған жұртты тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке шоқпар қолданды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ел президенті Мұхаммед Мурсиге және «Мұсылман бауырлар» ұйымына наразылығын білдірген оппозиция өкілдері бірнеше апта бойы ереуілдетіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, тәртіп сақшылары шеруде өз қызметтерін асыра пайдаланды. Алайда полиция бұл айыпты мойындамай отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!