АҚШ-тың Иракқа соғыс ашқанына - 10 жыл

Фотография - АҚШ-тың Иракқа соғыс ашқанына - 10 жыл

АҚШ-тың Иракқа қарсы соғыс ашқанына биыл 19 наурызда 10 жыл толады

223 0

19 наурыз - АҚШ-тың Иракқа басып кіргеніне 10 жыл толғанына орай халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists)  ұйымы 2003-2001 жылдары Ирактағы соғыс қимылдары кезінде 150 журналист пен БАҚ өкілдерінің қаза тапқанын хабарлады.

Ұйымның есебі бойынша, 2003 жылы соғыс басталған наурыз айы мен 2011 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта журналист, оператор мен олардың көлік жүргізушілерін қоса алғанда 150 адам мерт болған. Бұл - аталған мерзім аралығындағы басқа аймақтармен салыстырғандағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Ирактан АҚШ пен оның одақтастары шығарылған 2011 жылдан бері елде жалпы зорлық-зомбылықтар азайғанымен, жарылыстар мен жанкештілердің өз-өзін жарып жіберу оқиғалары жиі болып тұрады.

АҚШ-тың Иракқа қарсы соғыс ашқанына биыл 19 наурызда 10 жыл толады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!