Египетте Каддафидің туысы ұсталды

Фотография - Египетте Каддафидің туысы ұсталды

Египеттің қауіпсіздік қызметі Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің жақын туысы Ахмед Каддаф әл-Дамды тұтқындады.

100 0


Египеттің қауіпсіздік қызметі Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің жақын туысы Ахмед Каддаф әл-Дамды тұтқындады. Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, ол сейсенбіде Каирдегі үйінде күзетшілері мен қауіпсіздік күштері арасындағы атыстан соң ұсталған. Әл-Дамнан өзге сейсенбіде Ливияның Каирдегі елшісі мен Каддафи режимінің басқа да белгілі адамдары ұсталған.

Әл-Дам Триполидің Каирдегі арнайы өкілі болған. Ол 2011 жылы Муаммар Каддафи қаза тапқан соң-ақ Египетке кетіп қалған.

Интерполдың хабарлауынша, Ливия билігі оны жалған ақша жасады, алаяқтықпен айналысты деп айыптап отыр. Ол Ливия іздестіріп жатқан бұрынғы биліктің ондаған  офицерлерінің қатарында.


Тегтер:

Ливия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!