БҰҰ Бас хатшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Фотография - БҰҰ Бас хатшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

 Наурыз - жаңа жыл мейрамы. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Халықаралық Наурыз  мерекесіне орай жолдаған құттықтауында айтылған.

262 0

 Наурыз - жаңа жыл мейрамы. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Халықаралық Наурыз  мерекесіне орай жолдаған құттықтауында айтылған.

Аталмыш ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, онда Наурыздың  көктемнің алғашқы күні атап өтілетін жаңа жыл мерекесі екені, ол Батыс, Орталық және Оңтүстік Азия, Кавказ бен  Балқан елдерінде және  тыс жерлерде сан ғасырдан бері дәстүрлі түрде тойланатындығы атап өтілген.

Пан Ги Мунның сөзіне қарағанда, Наурызды БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне қосу бастамасын бірқатар елдер тең автор ретінде сәтті жүзеге асырды. Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Түркия және Өзбекстанның бірлескен әрекетінің өзі бірлік бен әралуандықтың құндылығын дәлелдейді.

«Халықаралық Наурыз мейрамында мен оны мерекелеушілердің бәріне барлық жақсылықтарды тілеймін», - делінген БҰҰ Бас хатшысының құттықтауында.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!