Польшада үйінді астындағы 19 шахтер құтқарылды

Фотография - Польшада үйінді астындағы 19 шахтер құтқарылды

Польша ақпарат құралдарының хабарлауынша, мыс кенішінде құлаған тау жынысы астында қалған 19 шахтер жеті сағаттан соң құтқарылды.

160 0


Польша ақпарат құралдарының хабарлауынша, мыс кенішінде құлаған тау жынысы астында қалған 19 шахтер жеті сағаттан соң құтқарылды.

Польшада кеше кешке магнитудасы 4,7 балға жеткен жер сілкінісі болып, тау жыныстары құлаған еді. "Рудна" шахтасының шахтерлері жер бетінен 950 метр тереңдіктегі кеніште үйінді астында қалып қойған.

Жер сілкінген соң төрт шахтер бірден жер бетіне шығып үлгерген. 25 құтқарушы жер астында қалған өзге кеншілерді құтқару үшін жеті сағат жұмыс істеген. Бір шахтер ғана жеңіл жараланған, қалғандары аман.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!