Ресей соты Pussy Riot үкімін өзгертпеді

Фотография - Ресей соты Pussy Riot үкімін өзгертпеді

Pussy Riot тобы мүшелері "діни жеккөрініш негізінде бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді.

131 0


Мәскеу қалалық соты Pussy Riot тобының мүшелері Екатерина Самуцевич, Мария Алехина және Надежда Толоконниковаға байланысты шыққан айыптау үкімін өзгертуден бас тартты. 15 наурызда қабылданған сот шешімі бүгін ғана мәлім болды. Судья Эллада Бондаренко топ мүшелеріне кесілген жаза "әділ әрі істеріне лайық" деп таныды.

Pussy Riot тобы мүшелері "діни жеккөрініш негізінде бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді. Кейін топтың бір мүшесі - Екатерина Самуцевич бостандыққа шыққан, бірақ оған кесілген үкім әлі күшінде тұр.

Сотталушылардың үшеуі де түрмедегі жағдайларын айтып, Еуропадағы адам құқы жөніндегі сотқа шағымданған.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!