Кристин Лагардқа айып тағылды

Фотография - Кристин Лагардқа айып тағылды

Бүгін Парижде Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагардтың пәтері тінтілді.

242 0

Бүгін Парижде Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагардтың пәтері тінтілді.

Бұл шара кәсіпкер Бернар Тапидің тергеу ісіне байланысты жасалып отыр. Қор басшысына «өз өкілеттігін асыра пайдаланды және мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсады» деген айып тағылып отыр.  Жалпы Бернар Тапиге қатысты бұл оқиға 1993 жылы басталған болатын. Кәсіпкер Францияның лиондық несие банкіне сол кезде өзіне тиесілі Adidas компаниясын сату туралы келісімді жасауды тапсырған болатын. Келісім жасалғаннан кейін, ол банкті компанияның құнын әдейі төмендетті деп сотқа берген еді. Дау 15 жыл бойы жалғасып, 2008 жылы төрелік сот Тапиге 400 млн. еуро өтемақы төлеу туралы үкім шығарған болатын. Кристин Лагард сол істі жеке сотқа арнайы тапсырып, мәселенің кәсіпкер пайдасына шешілуіне атсалысты деген күдік бар. Сондай-ақ, кәсіпкерге өтемақы мемлекеттік қордан төленген.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!