«Хамас» ұйымының жүздеген жақтастары АҚШ Президентіне қарсы ереуілге шықты

Фотография - «Хамас» ұйымының жүздеген жақтастары АҚШ Президентіне қарсы ереуілге шықты

«Хамас» ұйымының жүздеген жақтастары бұл сапарға өз наразылығын білдіріп, ереуілге шықты.

210 0

АҚШ президенті Барак Обаманың Израильға жасаған сапары кезінде «Хамас» ұйымының жүздеген жақтастары бұл сапарға өз наразылығын білдіріп, ереуілге шықты.

Обамаға қарсы шерулер Иордания астанасы Амман мен басқа да қалаларда өтті. Дәл осындай шерулер Палестина аумағында да ұйымдастырылды. Наразы халықтың айтуынша, АҚШ президенті Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыста бейтарап көзқарас ұстанудың орнына, Израиль халқына қолдау көрсетіп жатыр. Бірақ таяуда ғана Обаманың Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббаспен кездесуінде АҚШ Президенті Палестинаның жеке мемлекет болуы керек екендігін айтып, екі ел арасындағы дауды бейбіт жолмен шешу керектігін айтқан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!