Бүгін - Халықаралық таксист күні

Фотография - Бүгін - Халықаралық таксист күні

22 наурыз күні барша әлемдегі таксистер кәсіби мерекелерін атап өтеді.

185 0

22 наурыз күні барша әлемдегі таксистер кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Дәл осы күні 1907 жылы Лондон көшелерінде арнайы есептегіштері бар алғашқы автомобильдер пайда болды. Лондон тасымалдаушылары есептегішті француздың «такс» («ақы») және грекияның «метрон» («өлшем») сөздерінен алынған - «таксиметр» деп атады. Сол уақыттан бері жекеменшік қалалық көлік - такси, ал тасымалдаушылар - таксистер атала бастады.

Алғашқы лондондық такси көліктері жасыл және қызыл түсті болды. Бұл көліктердің дәстүрлі - сары түсін Hertz Corporation компаниясының негізін қалаушы Джон Хертц ойлап тапты. Жаңа көліктердің ақысы ретінде ескі автомобильдерді қабылдаған тапқыр америкалық қолданыстан шыққан машиналарды сары түске бояп, оларды такси ретінде пайдаланды. Мұндай ашық түске боялған көліктер қала көшелерінде назарды бірден аудартты, көп ұзамай осындай компаниялардың барлығы такси көліктерін сары түске бояй бастады.

Таксидің тағы бір ерекше және дәстүрлі символы - дойбы түріндегі өрнегі. Нұсқалардың біріне сәйкес, алғашқы дойбылы өрнек өткен ғасырдың 20-жылдары америкалық компанияның машиналарында пайда болды. Жарыстардың символикасынан алынған өрнек клиенттердің назарын тартып, олардың ойын жылдам қозғалысқа жетелеуі тиіс болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!