Грузия парламенті президенттің өкілетін шектеді

Фотография - Грузия парламенті президенттің өкілетін шектеді

Грузин депутаттары президенттің өкілетін шектеп, оны үкімет пен парламентті таратып жіберу құқынан айырды.

249 0

Грузин депутаттары президенттің өкілетін шектеп, оны үкімет пен парламентті таратып жіберу құқынан айырды. Бір айға созылған талқылаудың ақырында бұл ұсынысты ел президенті Михаил Саакашвилидің жақтастары да қолдады.

Президент Саакашвили телеарнадан сөйлеген сөзінде бұл өзгеріс "демократиялық диалог үшін" маңызды екенін айтты. Грузияда президент пен премьер арасындағы билік таласы 2012 жылдың қазанынан кейін - Бидзина Иванишвилидің коалициясы парламент сайлауында жеңіп шыққан соң үдеп кеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!