Жарылыстан 42 адам қаза болды

Фотография - Жарылыстан 42 адам қаза болды

лаңкес «Аль-Иман» мешітінде жарылғыш затты іске қосқан.

152 0

Дамасктің қақ ортасында жойқын жарылыс болып, 42 адам қаза тапты.  Жергілікті мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, лаңкес «Аль-Иман» мешітінде жарылғыш затты іске қосқан.

Мешіт билік басындағы «Баас» партиясының штаб-пәтерінің маңында орналасқан. Қаза тапқандардың ішінде елдің беделді дін қызметкері Мухаммед аль-Бути бар. Айта кетейік, Мухаммед аль-Бути бірнеше рет ел Президенті Башар Асадқа өз қолдауын білдірген болатын. Әзірге лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Сирияда 2011 жылдың наурыз айында басталған азаматтық соғыс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. БҰҰ-ның соңғы мәліметі бойынша, осы уақыт аралығындағы қарулы қақтығыстан шамамен 70 мың адам қаза тапқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!