Грузиялық депутаттар енді отырыстарға ұлттық киіммен келеді

Фотография - Грузиялық депутаттар енді отырыстарға ұлттық киіммен келеді

Грузиялық парламент қызмет барысында депутаттарға іскерлік немесе ұлттық костюмдерді киіп жүруді міндеттеді

212 0

Грузиялық парламент қызмет барысында депутаттарға іскерлік немесе ұлттық костюмдерді киіп жүруді міндеттеді. «Грузия-жаңалықтары» агенттігінің хабарлауынша, парламент жұмысының регламентіне тиісті түзетулер кеше үшінші, яғни шешуші оқылымда қабылданды.

lenta.ru сайтының жазуынша, заң жобасын қолдап 88 депутат дауыс беріп, біреуі қарсылық танытты. Аталған түзетулер президент Михаил Саакашвили қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Регламенттің бұрынғы редакциясы депутаттарға тек іскерлік костюмдерді киіп жүруді қарастыратын еді. Алайда, түзетулер енгізу бастамасын көтерген парламенттік көпшіліктің өкілі, Консервативтік партияның атынан шыққан депутат Бидзина Гуджабидзе мен оның жақтастары отырыстарға бірнеше рет ұлттық киімде келген көрінеді.

Гуджабидзе басылымға берген сұхбатында черкесканы «ұлттық-мемлекеттік атрибутқа» айналдыруға үмітті екенін айтқан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!