«Тойота» концерні өндіріс көлемін 10 пайызға ұлғайтпақ

Фотография - «Тойота» концерні өндіріс көлемін 10 пайызға ұлғайтпақ

Жапонияның «Тойота» (Toyota Motor Corp.) автоконцерні 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап елдегі өзінің кәсіпорындарындағы өндіріс көлемін 10 пайызға ұлғайтуға ниетті

235 0

Жапонияның «Тойота» (Toyota Motor Corp.) автоконцерні 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап елдегі өзінің кәсіпорындарындағы өндіріс көлемін 10 пайызға ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін корпорация өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Биылғы жылдың қыркүйегіне дейінгі жаңа жоспарға сәйкес, автоконцерн бұрын жоспарланғаннан 200 мың автокөлік артық шығаруға бел буып отыр. «Тойотодағы» өндіріс көлемін кеңейтуге иеннің шетелдік валютаға қатысты бағамының құлдырауы басты себеп болған. Айта кетейік, жапондық иеннің бағамы автоконцерннің экспорттық өнімдерінен түсетін пайданы ұлғайтуға тікелей қатысы бар.

Бұдан бұрын «Тойота» 2014 жылы әлем бойынша жалпы өндіріс көлемін 10 млн автокөлікке дейін жеткізуді көздеп отырғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, алпауыт автоконцерн шетелдерде орналасқан зауыттардың есебінен өнім көлемін арттыруды жоспарлауда.

 

bnews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!