Грекия абақтысынан 11 тұтқын қашты

Фотография - Грекия абақтысынан 11 тұтқын қашты

Грекияның Трикала қаласының маңында орналасқан абақтыға белгісіз топ шабуыл жасаған кезде түрмеден 11 тұтқын қашып кетті.

107 0

Грекияның Трикала қаласының маңында орналасқан абақтыға белгісіз топ шабуыл жасаған кезде түрмеден 11 тұтқын қашып кетті.

Қаруланған 6 адамнан құралған топ ғимаратқа оқ жаудырып, гранаталар лақтырған. Оқиға жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00 шамасында болды. Абақтының 2 күзетшісі ауыр жарақат алған. Жараланғандар жедел ауруханаға жеткізілді. Қашқан қылмыскерлер мұнарадан түсу үшін арқан мен төсек жаймасын қолданған екен. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршауға алды. Ақпарат көздері 2 қылмыскер табылғанын хабарлайды. Олар жақын маңдағы шіркеулердің бірінде тығылған жерінен қолға түскен.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!