Киевте төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Киевте төтенше жағдай жарияланды

Киев үкіметі қар түсуімен күресуде жеңіліске ұшырады. Украина астанасында төтенше жағдай жарияланып, қалаға әскери бөлімшелер кірді

165 0

Киев үкіметі қар түсуімен күресуде жеңіліске ұшырады. Украина астанасында төтенше жағдай жарияланып, қалаға әскери бөлімшелер кірді.

Қармен күресуді бронетранспортерлер көмегімен жүргізу шешілді, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

РБК-Украинаға Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Александр Мазурчак хабарлағандай, қалада жерүсті көлігінің жүйесі іс жүзінде ақсап тұр, пойыздар көп уақыт кешігуде, «Жуляны» әуежайы жабық. «Борисполь» әуежайы рейстерді кешіктіріп жіберіп жатыр, ал ұшақтарды қабылдамайды.

Киевте қалада жол жүру тек метро арқылы ғана мүмкін, алайда стансаларға кіру алаңдарын қар басқан.

Қалада соңғы тәуліктер ішінде рекордтық 50 мм қар түсті, сондықтан, коммуналдық қызмет жұмысшыларының жетіспеушіліктері туындады. Оларға 550 әскери қызметкер көмектесуде, олар жерасты өтпелерінің баспалдақтарын, ауруханаларға, азық-түлік дүкендеріне кіру алаңдарын тазалауда.

Президент полкының әскерлерінен басқа қар жинауға полиция қызметкерлері, құтқарушылар да қатысуда.

Соңғы тәуліктерде кептелістерден жүздеген автомобильдер, автобустар және троллейбустар босатылды. Билік орындары тұрғындардан қалаға аса қажеттілік болмаса шықпау, машиналарды жол жиегіне қоймау туралы сұрады.

Киевтен басқа, Львов, Винницк, Ивано-Франковск, Хмельницк және Тернополь облыстарында да қар түсуден туындаған жағдайлардың қиыншылығы аз болған жоқ.


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!