АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Бағдадқа келді

Фотография - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Бағдадқа келді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ирак астанасы Бағдадқа шұғыл келді.

248 0

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ирак астанасы Бағдадқа шұғыл келді. Бір қызығы, осы кезге дейін Мемхатшының Иракқа табан тірейтіндігі туралы ешбір хабар таратылмаған болатын.

Бұл Керридің жаңа қызметке тағайындалғаннан кейінгі Иракқа жасаған алғашқы сапары.

Белгілі болғаны, ол аймақ жетекшілерімен кездесуі барысында Сириямен шекарадағы бақылауды күшейту арқылы Ираннан Сирияға жеткізіліп жатқан қару-жараққа тосқауыл қою мәселесін сөз ететін көрінеді.

Ал «Рейтер» агенттігінің мәлімдеуінше, Керри жергілікті үкіметтен Сирияға бағытталған ұшақтарды өз әуе жолдарымен жүруіне тыйым салуға көндірмек екен.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!