Наразы жұрт Кипрдегі дағдарыс мәселесін шешуді талап етуде

Фотография - Наразы жұрт Кипрдегі дағдарыс мәселесін шешуді талап етуде

Бельгия астанасы Брюссельде мыңдаған адам ереуілге шықты.

255 0

Бельгия астанасы Брюссельде мыңдаған адам ереуілге шықты. Наразы жұрт қаржы қыспағында қалған Кипр мәселесін шешуді талап етуде.

Ал, Кипр Үкіметі мен Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері Брюсельде бас қосып, дағдарыстан шығу жолын қарастыруда. Атап айтқанда, Кипрдің екінші ірі «Лайки» банкіндегі 100 мың еуроға дейінгі депозиттері Үкіметке тапсырылса, одан артық жинағы бар депозиттерге салық салынбақ. Алдын ала болжам бойынша, салық мөлшері 40 пайызға дейін жетуі мүмкін. Осылайша Кипр Үкімет қазынасына қаржы жинап алмақ. Бұл жоспарды еуроаймақ елдерінің 17 министрі мақұлдауы қажет. Есеріңізге салсақ, дағдарыстан шығу үшін Кипрге 10 млрд еуро қаржылай көмек қажет. Аталған қаржыны алу үшін шарт бойынша,  Үкімет алдымен өз күшімен 6 млрд еуроны жинап алуы керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!