Украина ДСҰ құрамынан шыққаннан кейін ғана Кедендік одаққа мүше бола алады

Фотография - Украина ДСҰ құрамынан шыққаннан кейін ғана Кедендік одаққа мүше бола алады

Украина тәуелсіз мемлекет ретінде бірқатар халықаралық келісімге отырған.

124 0

(ДСҰ) құрамынан шыққаннан кейін немесе КО алдындағы міндеттемелер шеңберінде ДСҰ-мен келісімдерді қарастырған жағдайда Кедендік одақ (КО) мүшесі бола алады.

Бұл туралы Украинаның премьер-министрі Николай Азаров ресейлік «МИР» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Украина тәуелсіз мемлекет ретінде бірқатар халықаралық келісімге отырған. Ол Ресейден бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Біздің алдымызда бір мәселе тұр: біз ДСҰ құрамынан шығып, Кедендік одақ құрамына кіреміз немесе біз КО алдындағы міндеттемелер шеңберінде ДСҰ-мен келісімдерімізді қарастырамыз. Бұл күрделі әрі тиімсіз іс», - деп атап өтті үкімет басшысы.

Азаровтың айтуынша, бастапқыда Украинаға КО жанындағы бақылаушы болу тиімдірек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!