Мишель Джотодия өзін ел президенті деп жариялады

Фотография - Мишель Джотодия өзін ел президенті деп жариялады

Мишель Джотодия өзін ел президенті деп жариялады.

184 0

Орталық Африка Республикасындағы «Селека» коалициялық ұйымының көшбасшысы Мишель Джотодия өзін ел президенті деп жариялады.

Ол оппозиция мен Үкімет арасындағы қаңтар айында қабылданған бітімгерлік туралы келісімді бұзбайтынын мәлімдеді. Келісім бойынша алдағы үш жылда президент сайлауын өткізу керек. Естеріңізге салайық, «Селека» коалициялық ұйымының бүлікшілері Банги қаласын басып алып, президенттің ұлы тұратын үйді тонаған болатын. Ал, ел президенті Франсуа Базиз екі ұлымен бірге алдымен Конгоға өтіп, кейіннен Камерунға қашуға мәжбүр болды. Елдегі саяси топтар арасындағы текетірес тәуелсіздік алғаннан бері, яғни 50 жыл бойы жалғасып келеді. Ал, кейінгі уақытта тақ үшін талас тіптен шиеленісіп кетті. Айта кетейік, Орталық Африка Республикасы табиғи минералдарға бай бола тұра, құрлықтағы ең кедей ел саналады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!