Березовский буынып өлген

Фотография - Березовский буынып өлген

Ұлыбритания полициясы қуғынға ұшыраған ресейлік олигарх, оппозициялық саясаткер Борис Березовскийдің "буынып өлгенін" хабарлады.

219 0

Ұлыбритания полициясы қуғынға ұшыраған ресейлік олигарх, оппозициялық саясаткер Борис Березовскийдің "буынып өлгенін" хабарлады. Полицияның мәлімдемесінде Березовскийдің денесіне жасалған алғашқы сараптамада одан соққы белгілері табылмағаны айтылады. Ал буынып өлгеніне қатысты оның я өзі асылып өлгені, я басқа біреудің буындырғаны айтылмаған.

Полиция енді Березовскийдің мәйітіне токсикологиялық және басқа да сараптамалар жасауға уәде берді.

Ресей президенті Владимир Путинді сынаушылардың бірі, 67 жастағы Борис Березовскийдің өлі денесі 23 наурызда Ұлыбритания астанасы Лондон қаласының маңындағы үйінен табылған еді. Ресейлік ақпарат құралдары Березовскийдің «көз жұмарында қаржылық мұқтаждыққа тап болып, депрессияға салынып кеткені жайлы» жазған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!