Вацлав Гавел атындағы сыйлық тағайындалды

Фотография - Вацлав Гавел атындағы сыйлық тағайындалды

Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел кітапханасы мен Charter 77 қоры, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы адам құқықтарын қорғау саласында Вацлав Гавел атындағы сыйлық тағайындады

222 0


Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел кітапханасы мен Charter 77 қоры, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы адам құқықтарын қорғау саласында Вацлав Гавел атындағы сыйлық тағайындады.

Сыйлық жыл сайын қазан айында Гавелдің адам құқықтары саласында атқарған еңбегінің құрметіне беріледі. Бұрынғы диссидент Вацлав Гавел 1993 жылы Чехияның президенті болып, ұзақ жылдар бойы адам құқықтарын қорғау жолында белсенді жұмыстар жасаған. Charter 77 қоры Чехияның социалистік кезеңінде Вацлав Гавелдің араласуымен құрылған еді.

2003 жылы халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы оған "Ар-ұждан елшісі" деген құрметті атақ берді. Гавел 2011 жылы 75 жасында қайтыс болды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!